"Мектепке жол-шекарасыз жақсылық" республикалық акция » Шонжы №4 орта мектеп
Алматы облысы білім басқармасының
Ұйғыр ауданы бойынша білім бөлімінің
"Абай атындағы мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72774) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72774) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
"Мектепке жол-шекарасыз жақсылық" республикалық акция
01
август
2022

"Мектепке жол-шекарасыз жақсылық" республикалық акция

Әлеуметтік жағынан қорғалмаған отбасы балаларына қолдау көрсету мақсатында дәстүрге айналған «Мектепке жол-шекарасыз жақсылық» республикалық акциясы биыл «Балаларға бірге көмек берейік!» атты айдармен өткізілуде. Акция еліміздің барлық өңірлерінде ағымдағы жылдың 1 тамызы мен 30 қыркүйек аралығында өтеді.
 Акцияның мақсаты: жаңа оқу жылына дайындық уақытында аз қамтамасыз етілген және көпбалалы отбасылардан шыққан оқушыларға қолдау көрсету; баланың әлеуметтік себептермен мектепке келмей қалуының алдын алу; жетім балаларға, ата – анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, көп балалы, тұрмыс жағдайы төмен отбасыларына нақты көмек көрсету болып табылады.
"Абай атындағы мектеп-гимназия" КММ-де ақпараттық стенд жасалған, акцияның жұмысын көрсетеді. Стендіде «Мектепке жол» акциясын жүргізуде ата‑аналардың жәрдемдесуіне өтініш үндеуі орналасқан.
"Ұйғыр аудандық ауылдық әкімшілігі", "Шарын Ұлттық табиғи паркі", "Аманат" партиясы мен ауданымыздың  кәсіпкер азаматтарының  демеушілігімен  балаларға мектепке қажетті құрал-жабдықтар мен мектеп формасы таратылды. Сыйлықтарды тарту барысында оқушыларға тілектер айтылып, жаңа оқу жылы сәтті басталсын деп кеңес айтылды.
"Абай атындағы мектеп-гимназия" КММ-де  білім беретін пән бірлестік жетекшілері мен  мектеп әкімшілігі тарапынан көрсетіліп жатқан демеушілерге көрсеткен көмектері үшін шексіз алғыс білдіреміз
Прокомментировать
  • winkwinkedsmileambelayfeelfellow
    laughinglollovenorecourserequestsad
    tonguewassatcryingwhatbullyangry
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив