Әлеуметтік педагог жұмысының есебі » Шонжы №4 орта мектеп
Алматы облысы білім басқармасының
Ұйғыр ауданы бойынша білім бөлімінің
"Абай атындағы мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72774) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72774) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
20
декабрь
2021

Әлеуметтік педагог жұмысының есебі

Әлеуметтік педагогтың жарты жылдық есебі
«Абай атындағы орта мектебі» КММ
 
 2021-2022 оқу жылындағы әлеуметтік педагогтың атқарған
 жұмысының жарты жылдық есебі.
 
 Әлеуметтік педагогтың басты мақсаты – мектебіміздегі жетім және жартылай жетім,көп балалы,аз қамтылған отбасыларынан шыққан,ата-анасының қамқорлығынсыз қалған,денсаулығына байланысты үйден оқытылатын оқушылар мен ерекше білімді қажет ететін балаларды әлеуметтік қолдау және әлеуметтік зерттеу жұмыстары
 Мектепте тамыз айының 29 жұлдызында бекітілген өндірістік бұйрыққа сай мектеп әдістемелік бірлестік отырысында қаралып бекітілген әлеуметтік педагогтың жоспары бойынша келесі жұмыстар атқарылды.
 Тамыз айында 2021-2022 жылға арналған жұмыс жоспарын дайындап, әдістемелік бірлестік отырысында қаралып бекітілді. Жылдық жоспар негізінде айлық, апталық жоспарлар жасалып, жоспар бойынша төмендегі жұмыстар жасалды.
 Мектеп бойынша әр отбасының әлеуметтік статусы анықталды. Тізімдері жасалынды. Оқушылардың жалпы саны: 673. Жетім және ата ана қамқорлығынсыз қалған бала -1 ,толық емес отбасы бала саны-9, әкесі қайтыс болған-2, жалғыз басты ана-1 , ажырасқан отбасы балалары-6. Атаулы әлеуметтік көмек алатын 11 отбасы, 26 оқушы бар. Көп балалы 34 отбасы, 98 оқушы. Өгей әкесімен тұратын -1 оқушы, өгей шешесімен тұратын оқушы-6. Үйден оқитын-3 оқушы бар. Әлеуметтік қамқорлықтағы барлық оқушылар кітаппен қамтамасыз етілді. Мектеп оқушыларының әлеуметтік картасы және картатекасы жасалынды. Соның ішінде: жетім және ата ана қамқорлығынсыз қалған оқушылардың , көп балалы отбасы балаларының, атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасы балаларының және үйде оқытылатын оқушылардың тізімі жасалынды. Даму мүмкіндігі шектеулі балалардың ПМПК қорытындылары жинақталып, мүгедек балалар анықталды.
 Қазан айында «Жалпы білім беру» қорынан бөлінген 21 планшет, 5 компьютер атаулы әлеуметтік көмек алатын 11 отбасы, 26 оқушыға таратылды. Осы аталған құралдарға инвентаризация жүргізілді. Ата- аналарымен келісім шарт жасалынды. Сонымен қатар 21 оқушыға жеке Beeline номері таратылды. Осыған сәйкес аудандық білім бөліміне тізімі жасалынып, жіберілді.
 
 
 
 
 Қараша айында «Жалпы білім беру» қорынан 14 ноутбук таратылды. Жетім және ата -ана қамқорлығынсыз қалған оқушыларға, үйінде 3-4 оқушысы бар отбасыға келісім шарт, қолхат негізінде берілді. Инвентаризация жүргізіліп, тізімі жасалынды.
 
 Желтоқсан айында «Жалпы білім беру қорынан» бөлінген атаулы әлеуметтік көмек алатын 11отбасы 26 оқушыға оқу құралдары, мектепке ұстайтын сумка, спортивка және аяқ киім таратылды.
 
 
 Жаңа жыл мерекесіне қарсы әлеуметтік қамқорлықтағы мектебіміздің тұл жетім 6 сынып оқушысы Абдивали Гулдана және ағасы Абдивали Әділет Республикалық президент шыршасына қатысып сыйлыққа ие болды.
 Сыйлық байланыс бөлімшесі почта арқылы келді. Қораптың ішінде қыстық сырт киім, етік, бас киім, спорттық киім, спорттық аяқ киім және жаңа жылдық тәттілер салынған қорап келді. Балалар Қазақстан президенті Қасым- Жомарт Тоқаев Кемелұлына видео арқылы өздерінің алғыстарын жолдап, рақметін білдірді.
 
 Ұйғыр ауданы әкімінің сыйлығына әлеуметтік қамқорлықтағы 2 сынып оқушысы Жапсарбаев Қаршыға ие болды, жаңа жылдық сыйлық және сырт киім қыстық куртка берілді.

 31 желтоқсан күні әлеуметтік қамқорлықтағы аз қамтылған көп балалы 15 отбасының балаларына мектебімізде жаңа жылдық сыйлықтар таратылды.
 
 
 
 
 Әлеуметтік қамқорлықтағы оқушылардың отбасымен байланыс қадағаланып тұрады.
 
 Әлеуметтік педагог: Ж.Мамырханова
                            Д.Игембаева
Прокомментировать
  • winkwinkedsmileambelayfeelfellow
    laughinglollovenorecourserequestsad
    tonguewassatcryingwhatbullyangry
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив