Психологтың жылдық есебі » Шонжы №4 орта мектеп
Алматы облысы білім басқармасының
Ұйғыр ауданы бойынша білім бөлімінің
"Абай атындағы мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72774) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72774) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
03
сентябрь
2021

Психологтың жылдық есебі

«№4 Шонжы  орта мектебі » коммуналдық мемлекеттік мекемесі  психологтарының 2020-2021 оқу жылында 
жүзеге асырған жұмыстарының есебі
Мектептегі психологиялық қызмет тәрбиелік және оқу, білім беру бөлімімен тығыз байланыста бес бағытта жұмыс жасалды. Мектептің келелі мәселесін: жеке тұлғаны жан-жақты дамыту үшін, психологиялық анықтаулар алынып, жеке тұлғаның білім алуы үшін қажет жағдайларды анықтап, мүмкіндіктерін ашып, әрбір жеке тұлғамен мүмкіндіктеріне қарай жұмыс жасауды әрбір жеке тұлғаның өзін-өзі бағалауын, таным белсенділігін, мектепке көз қарасын, темперамент типін, жеке ерекшелігін, есте сақтауын, мектеппен, ата-анамен, оқушымен қарым- қатынасын, алаңдаушылық деңгейін анықтап, төмен нәтиже көрсеткен оқушылармен түзету жұмыстары жүргізілді.
2020- 2021ж оқу жылының басында білім беру жүйесінде психологиялық жұмыстарды жүргізу барысында педагогикалық- психологиялық әдебиеттер, журналдар және интернет желісі бойынша жылдық жоспар құрылды. Жоспар бойынша, психологиялық анықтау жұмыстарын жүргізу мақсатында мектептегі әр сынып оқушыларының тізімдері, үйден оқитын оқушылардың тізімі, мүгедек балалардың тізімі, психикалық кенжелігі бар (ЗПР) оқушылардың тізімі, дарынды оқушылардың тізімі және педагогикалық ұжымның тізімдері алынды. 
Мектепте үйден оқитын оқушылар бар. Осы оқушылардың мінездемелері жазылып,  №3 ОПМПК-ге жіберілді. Үйден оқытудың жеке есебі жазылды. Іс- құжаттары толық реттелді. 
     Бүгінгі күнде мектепалды дайындық 2 топ  бар. Даярлық топ оқушыларынан психо-әлеуметік жетілгендігі деңгейін зерттеу тесттік әңгімелесу сұрақтары С.А. Банков әдістемесі бойынша жүргізілді. 
Мектепалды даярлық балаларымен   жоспар құрылып, деңгейлері бағаланып отырды. Сонымен қатар жыл бойы әр түрлі психологиялық ойындар жүргізілді.
Мектепалды даярлық топтарының ойлау қабілеттерінің мониторингісі
Бірінші сынып оқушыларының әрқайсыларымен жыл бойы жеке-жеке тестер алынып, деңгейлері бағаланып отырды. Бірінші сынып оқушыларын мектепке қабылдап К. Ирасек тестері сонымен қатар «Графикалық диктант» атты әдістеме балалардың айтқанды дұрыс орындау ептілігін, ой-өрістерін анықтау мақсатында  алынды, «Жануарлар мектебі» атты суреттік тест алынды. Мектепке бейімделуін байқау мақсатында жыл бойы сабаққа қатысып бақылауда болды, психопрофилактикалық жұмыстар және ойындар жүргізілді.
«Жануарлар мектебі» атты алынған суреттік тесттің мониторингісі
       2-3 сынып оқушыларынан мектеп мотивациясын тексеруге арналған Н.Г. Лусканов әдістемесі алынды. 3 сынып оқушыларынан «Болады, болмайды » жаттығуы жүргізілді. Сонымен қатар 2-3 сынып оқушыларынан «Сен кімсің» атты психогеометриялық тест, «Суретті аяқта» жаттығуы, « Артық сөзді тап» ойыны өткізілді. Осы сыныптармен жыл бойы әр түрлі тақырыпта профилактикалық (алдын-алу) шаралары жүргізілді.
       4 сынып оқушыларынан орта буынға бейімделулерін анықтау мақсатында «Жаңбыр астындағы адам», «Әлемде жоқ жануар» атты суреттік тесттер алынды. 5 сынып оқушыларынан оқуға деген қызығушылықтарын анықтау мақсатында сауалнама алынды. Оқушылырдың қарым-қатынасын және сыныптағы оқшауланған балаларды анықтау мақсатында социометрия әдісі жүргізілді. Оқушыларының мектепке бейімделу деңгейін анықтау мақсатында «Мені үлкен мектеп қалай қарсы алды?» атты шығарма жаздырылды. 4-5 сынып оқушыларымен әр түрлі тақырыпта алдын – алу шаралары жүргізіліп отырды. 4-5 сынып оқушыларына әлеуметтік – психологиялық кешенді картасы толтырылды. Сонымен қатар 4-5 сыныптардың сабақтарына қатысып, кеңестер берілді.  
5 а, ә, б, сынып оқушыларының оқуға қызығушылығын анықтау  мониторингісі
6-7 сынып оқушыларымен Жүйке-жүйесінің кұшін  анықтау мақсатында Теппинг тест, Жеке басының мазасыздануын бағалау мақсатында Спильбергер сауалнамасы, Басса Даркийдің агрессия күйін диагностикалау мақсатында сауалнамасы алынды. Осы сыныптармен профилактика алдын-алу шаралары, тренингтер   жүргізілді. 8 сынып оқушыларымен мамандықтытың қыр-сырын түсіну үшін «Болашақ мамандық туралы қиялдайық», «Достық хат» тренингі, бала өз ойын сурет арқылы жеткізу мақсатында арт-терапия өткізілді. 
     9 сынып оқушыларының кәсіби бағыттылығын диагностикалау мақсатында тест және сауалнамалар алынды. Бағытқа бөлінуге байланысты тестке сынып оқушылыры толық қатысты. Оқушылырдың кәсіби бағыттылығын диагностикалауда тесттер және сауалнамалар алынды.
Бұл әдістемелер 
  1. Оқушылардың кәсіби-ой ниетін анықтау
Мақсаты: Оқушылардың 9 сынып бітіргеннен кейінгі ой ниетін анықтау
  1. Оқушылардың мамандық туралы хабардарлығы:
Мақсаты: Оқушылардың жеке пікірі бойынша өзінің бойында дарындылықтың қандай түрі бар екендігі.
     3.Табандалықты зерттеу:
Мақсаты: Алға қойған мақсатқа жетуде табандылық дәрежесін анықтау
       Кәсіптік ынталандыруын зерттеу:
Мақсаты: Кәсіптік қызметтегі ынта, түрткілерін зерттеу.
Зерттеу нәтижелері жүргізіліп, қорытындылары шығарылды.   Жоғарыда көрсетілген нәтижелерді саралай келе оқушылардың басым бөлігі жаратылыстану- математикалық бағытқа, яғни биология, математика, география, физика пәндеріне бейім екені анықталды. 
Оныншы сынып оқушыларына өзара қарым-қатынасын бақылап, жақсарту мақсатында «Мен және менің ортам» тренингі, эмоциялық көңіл-күйлерін жақсарту мақсатында «Сәтті болашағыма қадам» атты тренингі өткізілді.
Мектеп бітіруші 11 сынып оқушыларымен атқарылған психологиялық жұмыстың басты мақсаты: оқушылардың бойында өздеріне деген сенімділікті қалыптастыру, сынақтан сүрінбей өтулері үшін түлектерге  психологиялық қолдау көрсету. Оқушыларға табысқа жетудің қажеттіліктерін дәріптеу мақсатында табысқа жету қажеттілігі сауалнамасы өткізілді. Сауалнама алу барысында оқушылар сұрақтарға анық, толық, жауап берді. Сыныптан оқшауланып қалған оқушы жоқ. Оқушылар шығарма жазу барысында өздерінің болашаққа деген ой- ниетімен, арман- мұраттарымен бөлісті. Оқушылардың бойындағы стресс түрлерін анықтау мақсатында сауалнамалар  алынды. «Стрессіз емтихан», «Мен таңдаған мамандық» тақырыптарында тренинг- сабақтар өткізілді. 
     Емтихан тапсырушыларға психологиялық көмек ретінде мінез-құлқын эмоционалды басқара білу, оқушылардың өз көңіл- күйіне басшылық жасай алуын қалыптастыру, көңіл-күйін жағымды арнаға түсіруге баулу, көтеріңкі көңіл-күйдің айналамыздағыларға әсерін түсініп, сезінуге тәрбиелеу бойынша кеңестер берілді.
Жас ұстаздармен, ата-аналармен ағарту жұмыстары жүргізілді. Алдын- ала келеңсіз жағдайларды болдырмау үшін алдын-алу шаралары (психопрофилактика) жүргізілді.
        Келесі оқу жылында психологиялық қызмет келесідей жұмыстарды іске асыруды жоспарлайды:
1.Жаңа оқу жылына жұмыс жоспарын жетілдіру.
2.Өзіндік білімін жетілдіру.
3.Педагогтармен, ата-аналармен және оқушылармен бағыттар бойынша жүргізілетін жұмыс мазмұнын толықтыру.
Прокомментировать
  • winkwinkedsmileambelayfeelfellow
    laughinglollovenorecourserequestsad
    tonguewassatcryingwhatbullyangry
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив