Мектеп тарихы » Шонжы №4 орта мектеп
Алматы облысы білім басқармасының
Ұйғыр ауданы бойынша білім бөлімінің
"Абай атындағы мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72774) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72774) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
01
сентябрь
2021

Мектеп тарихы

Мектеп тарихы

Мектептің іргетасы 1944-1945 жылы қаланған еді. Алғашқы директоры Кан Григорий Алексеевич,  оқу ісінің  меңгерушісі   Шербаков   Павел Василович, ал аудандық оқу бөлімінің  бастығы Таубалдин Ұзақ Бөлекұлы болды.  Осы аталған азаматтардың  мектептің қалыптасуына  өз үлесін қосып,  ел тарихында қолтаңбалары қалды десекте болады.  1957  жылы аралас   мектеп болып,   оқушылар орыс, қазақ, ұйғыр  сыныптарында топталып оқытылған. 1957-1962  жылдары  Рахматулин   Асқар  Жамиұлы,  1962-1965 жылдары  Көбен Күлімбеков,  19 65-1968   жылдары  Шербаков   Павел Василович  мектеп басшылары болды.   1968 жылдары мектептегі орыс  және ұйғыр   сыныптары бөлініп жеке мектептер болып,   құрылып кеткеннен кейін мектеп директоры болып Сұраншы Иманбаев,  оқу ісінің   меңгерушісі  болып А.Торғаев,  ал 1974   жылы С. Сағабаев  басқарды.

       1983   жылы қазақ мектебі жаңа ғимаратқа көшіріліп, мектептің жарты  бөлігінде аудандық  әдістемелік   кабинет болса, жарты бөлігі интернат-пансионат болып өз жұмысын жалғастырды.

  Жас ұрпақты болашақ өмірге дайарлаудың  тиімді  құралы әрі міндетті  шарты- кәсіптік бағдар беру.   Мектептің өндіріспен байланысын нығайтуда  кәсіптік бағдар беру ісін дамытудың маңызы зор болды. Осыған байланысты   1986 жылы бұл ғимаратта  мектептің негізінде  оқу-өндірістік  комбинат құрылып  Ғ. Жамалдинов директор болып тағайындалды.

  Еліміздің тәуелсіздік алған алғашқы жылдарында,  яғни  1994 жылы мектептің оқу –өндірістік комбинатынан  бөлініп, №4  қазақ орта мектебі  бой көтереді. Бұл мектепте  білгір ұстаз,   ақын  Құдайбергенов Мамытқан  Әбенұлы   басшылық  етті.   2000-2002   жылдары  мектептің басқару ісін  Нұрмұқа Рысбайұлы  Шаймерденов,   ал 2002 жылы  Қанат Әбілжанұлы  Сартолов басқарды.    

  Киелі білім ордасы  уақыт озған сайын қоғам дамуына ілесіп өркен жая бастады.   2006-2007 оқу жылы осы мектепті басқару жұмысына  ауданымыздың құрметті азаматы   Дәуренбеков  Ноғайбек Хасенұлы   тағайындалып, көптеген  мектептегі   жұмыстардың  бастамашысы  болды.

     2012-2013 оқу жылында  ауылымыздың орталығынан  қанатын кеңге жайған сыймдылығы, 550 оқушыға  арналған   білім шаңырағы  бой көтеріп,   2013 жылдың қыркүйек айында толықтай    пайдалануға  берілді.  Сол кезден бастап,  ажарына   көркі сай  мектепте  жас буын   сапалы да  саналы білім алып,  келеді. Қазіргі таңда  мектеп толықтай   озық технологиялармен жабдықталған.

Мектеп ұжымы қазіргі таңда   оқытудың  жаңа  технологияларын әдіс-тәсілдерін пайдалану арқылы дарынды оқушыларды  дер кезінде  анықтап,  шәкірттерді шығармашылыққа  баулуды   басты парыз деп санайды. Осы мақсаттағы   басты міндет  - білім беру бағдарламасын жүзеге асыру. Мектептің  материалдық базасын нығайтып, ғылыми негіздермен   білім беретін  пән  кабинеттері де ашылды. Атап айтар болсақ, информатика ( IT сынып),  ағылшын, орыс тілі ,  қазақ тілі, биология ,  физика   кабинеттері  заманауи  үлгіде жабдықталған.

Оқушыларға  кәсіптік  бағдар беруде   оқу шеберханасы кабинеттері де қарастырылған.  Мектептегі   оқушылардың  рухани дүниесін  байытуға   ұйытқы болып отырған  кітапхана жұмысы  да жақсы жолға қойылған. Сонымен қатар, метеп ішінде  қысқы бақ, асхана, дене шынықтыру залы, би залы, сыйымдылығы 300 орын болатын АКТ залы да бар. Сонымен бірге,  метебіміз 2014-2015 оқу жылы облыстық «Жыл мектебі » байқауына қатысып, Алғыс хатпен марапатталды. 

2016-2017 оқу жылынан бастап,   басшылыққа  Сайдахметова  Венера   Анарбекқызы   келді.  Талай жыл білім саласында қызмет еткен  ұлағатты   ұстаз, келген бетте ұжыммен  етене араласып,  ұжымға тек жақсылық жаршысы бола білді. Сол  кездің  өзінде –ақ,   ол  кісі  өзінің   кәсіби  мамандығын  толық меңгерген, ұйымдастырушылық қабілеті зор, іздене жұмыс істеп  мамандарға талапты  қоя білетін  білікті   басшы екендігін көрсетіп, ұжым арасында   абыройлы  бола білді. Ол кісінің басшылығымен  мектептің  оқу-тәрбие   жұмыстарында жаңа  технологиялық –иновациялық әдістерді кеңінен өндіруді   ұйымдастыру  нәтижесінде  мектеп   ұстаздары  мен шәкірттері  жыл сайын   аудандық, облыстық,   республикалық  деңгейлерден көрінуде. 

        Қазыналы білім ордасына  айналған   №4 Шонжы орта мектебінің  әрбір шәкірті  білім  көкжиегіне   сеніммен  ұмтылып, мектеп мақтанышына  айналуды  мақсат   етсе, инемен құдық қазғандай   білім тұңғиығының  нәрін алған  «Алтын белгі»,  «Үздік аттестат»  иегерлері   бұл күнде республикамыздың  барлық аймағында  еліміздің  өркендеп дамуына өз үлестерін қосуда. 

Похожие публикации:

21 апрель 2021 "Көгалдандыру"
05 апрель 2017 Мектеп тарихы
Прокомментировать
  • winkwinkedsmileambelayfeelfellow
    laughinglollovenorecourserequestsad
    tonguewassatcryingwhatbullyangry
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив