Смагулова Жанаргул Аипбековна
Мен,Смагулова Жанаргуль Аипбековна 09.09.1972 жылы Алматы облысы,Ұйғыр ауданы ,Сұңқар ауылында дүниеге келдім.
1980-1990 ж.ж аралығында Алматы облысы,Ұйғыр ауданы,Тасқарасу орта мектебін бітірдім.
1992-1997 ж.ж.аралығында Алматы қаласы Қазақ қыздар педагогикалық институтын «география - еңбек» пәнінің мұғалімі бойынша бітірдім.Еңбек жолымды 1996 жылы 3 желтоқсанда Алматы облысы,Ұйғыр ауданы,А.Розыбакиев атындағы орта мектебінде бастауыш сынып мұғалімі болып бастадым.
1996 жылдың 12 желтоқсанынан география пәні мұғалімі болып ауыстырылдым.
2007 жылы 1 қыркүйекте №4 Шонжы орта мектебіне география пәнінің мұғалімі болып қабылдандым.
2011 жылы 9 желтоқсанда мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары болып тағайындалдым.
2021 жылы 1 қыркүйекте мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары лауазымына тағайындалдым.
2022 жылдың 3 қарашасынан «Абай атындағы мектеп-гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры болып тағайындалдым.
Өзім туралы мынандай мәліметтерді хабарлаймын:
- 2019 ж. «Өрлеу»біліктілікті арттыру ұлттық орталығы «Диплом»
- 2021ж. Білім министрінің «Құрмет грамотасы»
Жалпы педагогикалық жұмыс өтілім 26 жыл.